Accessibility links

Францияда жаңа препарат сыналған адам көз жұмды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Францияда жаңа медициналық препаратты клиникалық сынақтан өткізуге қатысқан ер адамның миы тоқтап, қайтыс болды. Сынаққа қатысқан өзге бес еріктінің жағдайы тұрақтанған.

Сынақ Ренн қаласындағы ауруханада өткен. Португалияның Bial фармацевтикалық компаниясының дәрісін сынақтан өткізуге 90 адам қатысқан. Дәрі неврологиялық проблемалармен байланысты көңіл-күйдің күрт төмендеуі, үрей, үйлесімділіктің бұзылуын емдеуге арналған.

Францияда бұрын-соңды препарат сынағынан адам қайтыс болып көрмеген.

XS
SM
MD
LG