Accessibility links

БҰҰ: Гуманитарлық көмекке тағы 15 миллиард доллар керек


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.

БҰҰ әлемде қақтығыстар мен табиғи апаттардан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуге жыл сайын қосымша 15 миллиард доллар қажетін мәлімдеді.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун 17 қаңтарда Дубайда жасаған баяндамасында ұйым қазір жыл сайын гуманитарлық көмекке 25 миллиард доллар жұмсап отырғанын айтты. Оның сөзінше, бұл қаржы - 15 жыл бұрын гуманитарлық көмекке жұмсалған қаржыдан 12 есеге көп.

БҰҰ гуманитарлық көмек істері жөніндегі агенттігінің баяндаманы даярлаған тоғыз мүшесінің бірі, Еуропа комиссиясының бюджет және адам ресурстары жөніндегі вице-президенті Кристина Георгиева "проблема геометриялық прогреспен ұлғайып бара жатқанын" айтады.

Баяндамада барлық гуманитарлық көмектің үштен екісі бес елдің үлесіне ғана тиетінін айтып, қалған донор елдерді көмек көрсетуді ұлғайтуға шақырды.

XS
SM
MD
LG