Accessibility links

Белсенді Мақсат Ілиясұлын полиция ұстады


Астаналық азаматтық белсенді Мақсат Ілиясұлы.

Астаналық азаматтық белсенді Мақсат Ілиясұлы.

Бүгін Астанада азаматтық белсенді Мақсат Ілиясұлын жоғарғы соттың алдында полиция қызметкерлері ұстап әкетті. Мақсат Ілиясұлы жоғарғы сотқа он шақты адаммен берге Астана қаласы Сарыарқа аудандық 2-сотында «араздық тудырды» деге айыппен сотты болып жатқан Болатбек Біләловтің ісіне қатысты шағым-хат тапсыруға келген болатын.

Мақсат Ілиясұлын жоғарғы сот ғимаратының азаматтар өтінішін қабылдайтын кеңсесіне жақындаған кезде сол жерде күтіп тұрған полиция қызметкерлері алып кетті. Астана қалалық ішкі істер басқарамасынан белсендінің не үшін ұсталғанын анықтау әзірге мүмкін болмай тұр. Мақсат Ілиясұлы да телефон қоңырауына жауап бермейді.

XS
SM
MD
LG