Accessibility links

Біләловті қолдаушылар жоғарғы сотқа шағымданды


Астаналық белсенділер жоғарғы сот ғимаратында Болатбек Білəлов сотына қатысты арыз шағым тапсырып тұр. Астана, Астана, 18 қаңтар 2016 жыл.

Астаналық белсенділер жоғарғы сот ғимаратында Болатбек Білəлов сотына қатысты арыз шағым тапсырып тұр. Астана, Астана, 18 қаңтар 2016 жыл.

Астанада бүгін "алауыздық тудырды" деген айыппен сотталып жатқан азаматтық белсенді Болатбек Біләловтің жақтастары мен белсенділер жоғарғы сотқа Біләлов сотына қатысты шағым-хат тапсырды.

Хатта белсенділер істі жүргізуші Назгүл Бапақованы "істі едел-жедел, асығыс жүргізіп жатыр", "қорғаушылардың судьяға білдірген өтініштерін негізсіз қанағаттандырмады", "қорғаушыларын Біләловпен кездестірмеді", "соңғы сот отырысы жабық түрде өтті" деген.

Белсенділер Сарыарқа аудандық соты "алғашқы сот инстанциясында өзінің әділ сот органы ретінде беделін түсірді" деп санайды. Олар жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмиден Біләловтің ісін қалалық соттың қарауына өткізуді және соттың әділ өтуін қамтамасыз етуді сұрайды.

Бүгін полиция жоғарғы сотқа хат тапсыруға барғанда азаматтық белсенді Мақсат Ілиясұлын ұстап әкеткен.

Болатбек Біләловтің сотында бұған дейін сотталушы мен оның қорғаушыларының судья Бапақоваға, Сарыарқа аудандық сотының барлық судьясына білдірген қарсылығы қанағаттандырылмаған. Судья бұған қоса сот сараптамасын қорытындысын қайта өткізу, Біләловті отбасы жағдайын ескеріп қамаудан кепілге босату туралы өтінішті де қабылдамай тастаған.

«Демократия және адам құқығы институты» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі, қоғам белсендісі Болатбек Біләлов 2015 жылдың қарашасында тұтқындалған. Болатбек Біләловті екі айға қамауға алу туралы қаулыны Астана қаласы Сарыарқа аудандық 2-соты 11 қарашада шығарған. Оған «араздық тудыру» айыбы тағылған. Тергеушілердің пікірінше, белсенді бұл әрекетті «бұқаралық ақпарат құралдары алдында, көпшілікке жария түрде жасаған».

XS
SM
MD
LG