Accessibility links

Мақсат Ілиясұлы: Полиция мені тергеу аясында ұстады


Азаматтық белсенді Мақсат Ілиясұлы.

Азаматтық белсенді Мақсат Ілиясұлы.

Астаналық белсенді Мақсат Ілиясұлы бүгін жоғарғы сот алдында өзін полиция "тергеу амалдарына байланысты" ұстағанын хабарлады. Ілиясұлының айтуынша, ол қалалық ішкі істер департаментінде екі сағат отырып шыққан.

–Жоғарғы сот ғимаратына барған едім,сол жерде полиция қызметкерлері алдымнен шығып «сізді тергеушілер іздеп жатыр, жедел баруыңыз керек» деп, көліктерімен алып кетті. Қалалық ішкі істер департаментінде бұл шақыртуды тергеу ісімен түсіндірді. Менің үстімнен осыдан екі-үш ай бұрын бір адамның арызымен қылмыстық кодекстің 195 бабы бойынша ("алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүлік залал келтіру") қылмыстық іс қозғалған болатын. Сол іспен тағы да танысуымды сұрады. Және ертең сағат 10-да тергеуге келуіме шақырту қағаз тапсырды,– деді Мақсат Ілиясұлы.

Қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Азаттыққа белсендінің ұсталуына қатысты жайтты түстен кейін анықтауға уәде берді.

Бүгін Мақсат Ілиясұлы бастаған оншақты адам жоғарғы сотқа «алауыздық тудырды» деген айыппен сотталып жатқан құқыққорғаушы Болатбек Біләлов сотына қатысты шағым-хаттапсырған.

Хатта белсенділер істі жүргізуші Назгүл Бапақованы «істі едел-жедел, асығыс жүргізіп жатыр», «қорғаушылардың судьяға білдірген өтініштерін негізсіз қанағаттандырмады», «қорғаушыларын Біләловпен кездестірмеді», «соңғы сот отырысы жабық түрде өтті» деген.

XS
SM
MD
LG