Accessibility links

Алматы-Тегеран әуе рейсі жайлы келісім жасалды


Иранның Mahan Air әуе компаниясының ұшағы. (Көрнекі сурет).

Иранның Mahan Air әуе компаниясының ұшағы. (Көрнекі сурет).

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Тегеранда Қазақстан мен Иран арасында тіке және тұрақты әуе рейсін ашу туралы хаттамаға қол қойылғанын хабарлады. Құжат бойынша, "Air Astana" әуе компаниясы Тегеран мен Алматы арасында аптасына үш рет тікелей рейс ашады. Бұл рейстерді маусым айында ашу жоспарланып отыр.

Қазір Иранның Mahan Air компаниясының ұшағы Тегеран мен Алматы арасында аптасына екі рет қатынайды.

XS
SM
MD
LG