Accessibility links

Ауғанстан: Парламент сайлауы 15 қазанға белгіленді


Ауғанстан сайлау комиссиясының басшысы Ахмад Юсуф Нуристани.

Ауғанстан сайлау комиссиясының басшысы Ахмад Юсуф Нуристани.

Ауғанстан сайлау комиссиясы 15 қазанға парламент сайлауын белгіледі.

Ауғанстан сайлау комиссиясының басшысы Ахмад Юсуф Нуристанидың бүгін журналистерге хабарлауынша, дауыс беру үкімет тиісті қаржы бөліп, кандидаттардың, сайлау қызметкерлері мен сайлау бөлімшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жағдайда ғана өтеді.

Ауғанстан парламентінің бес жылдық өкілетті мерзімі өткен жылдың маусым айында аяқталған. Бірақ қауіпсіздікке және 2014 жылғы президент сайлауынан кейін туған дауға байланысты әділ сайлауды қалай өткізу мәселесі туындағандықтан жаңа сайлау кейінге ысырылып келген.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани 2015 жылы парламенттің өкілеттігін жаңа сайлау өткенге дейін ұзарту туралы декрет шығарған. Бірақ кейбір сыншылар ол декреттің заңдылығына күмәнданған.

XS
SM
MD
LG