Accessibility links

Украина үкіметінің Ресей аннексиялап алған Қырым түбегімен сауда айналымын тоқтату туралы қаулысы күшіне енді. Көпшілігі қырым татарларынан құралған азаматтық белсенділер өткен жылдың қыркүйегінен бері Қырым түбегі мен Украинаның онымен көршілес аймақтары арасындағы көлік қозғалысын бөгеген. Олардың айтуынша, кейбір белсенділер әлі де жолдарда қалып, жаңа ереженің орындалғанын бақыламақ ниетте.

Украина мен Қырымның әкімшілік орындар арқылы сауда-саттықты тоқтату туралы шешім 16 желтоқсанда шыққан.

Қырым екі айдай уақыт электр қуаты тапшылығын тартқан. 21 қарашада Қырымға электр қуатын тарататын желілерді белгісіз біреулер жарып, электр қуатын тарату жиі тоқтаған. Электр қуатын тарату Ресей мен Қырымның бірлесе күш салуымен қалпына келтірілген. 30 желтоқсанда электр қуатын тарату желілері қайта жарылған.

XS
SM
MD
LG