Accessibility links

Қырғыз журналисі ел президентін сотқа берді


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.

"Қырғызстан астанасы Бішкек қаласының Первомай аудандық соты журналист Дайырбек Орунбековтың ел президенті Алмазбек Атамбаевқа қарсы шағымын қабылдады" деп хабарлады Kloop.kg сайты. Журналист "президенттің өзінің ар-намысын қорлағанын" айтқан.

Сот Орунбековтің шағымын екіге бөліп (ел президентіне және оның аппарат жетекшісі Фарид Ниязовқа қарсы), 28 қаңтар және 1 ақпан күндері қарастырмақ.

Орунбеков пен қырғыз билігінің дауы журналист бір мақаласында 2010 жылғы қақтығысты президент Атамбаев пен басқа саясаткерлерден көрген пікірінен соң басталған.

Бас прокуратура бұған дейін сотқа шағымданып, сот Орунбеков Атамбаевқа "ар-намысын қорлағаны үшін 2 миллион сом төлесін" деген шешім шығарған. Журналист сот шешімімен келіспей, мұнша ақша төлей алмайтынын айтып, әр адамнан бір сом ақша жинай бастаған.

XS
SM
MD
LG