Accessibility links

Марокко: Париждегі шабуылға қатысты бельгиялық ұсталды


Париждегі терактілерге күдіктілердің суреттері.
Париждегі терактілерге күдіктілердің суреттері.

Марокко билігі Мароккодан шыққан Бельгия азаматы Парижде болған терактілерге қатысы бар адамдармен тікелей байланысты деген күдікпен ұсталғанын хабарлады. Марокко ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде күдіктінің 15 қаңтарда Касабланкада ұсталғаны айтылады. Ол Сирияға барып, "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобына қосылған.

Парижде 13 қарашада болған шабуылдардан 130 адам қаза тауып, 350-ге тарта адам жарақаттанған. Жеті терроршының көзі жойылған. Полиция осы кезге дейін олардың серіктерін іздеп жатыр. Шабуылға жауапкершілікті ИМ мойнына алған.

Париждегі шабуылдан соң француз әскери-әуе күштері Сириядағы ИМ бекіністеріне шабуылдай бастаған.

XS
SM
MD
LG