Accessibility links

Australian Open: Зарина Дияс бірінші айналымда жеңілді


Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Australian Open жарысының бірінші кезеңінде әлемнің 17-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизден 6:7 және 1:6 есебімен жеңілді.

Мэдисон Киз енді осы жарысқа қатысып жатқан қазақстандық тағы бір теннисші Ярослава Шведова және болгариялық Цветана Пиронкова екеуінің қай жеңгенімен кездеседі.

Зарина Дияс өткен жылы осы жарыстың үшінші айналымына дейін жетіп, онда ресейлік Марина Шараповадан жеңілген.

18 қаңтар, жарыстың алғашқы күні, қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева даниялық Каролина Возницкиді жеңген. Путинцева екінші айналымда қытайлық Хань Синьюньмен кездеседі.

Australian Open жарысы 31 қаңтар күні аяқталады.

XS
SM
MD
LG