Accessibility links

Ақмола облысы мен Астанада мектепте сабақ тоқтады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті "Астанада қатты аяздан мектептерде 1-4 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды" деп хабарлады.

Ақмола облысында да аяздан бірнеше ауданда сабақ кей мектептерде жартылай, кейбір мектептерде толықтай тоқтатылды. Облыстың Аршалы, Атбасар аудандарында ауа температурасы -31 градусқа төмендеді. Бүгін бұл аудандарда мектепте барлық сынып оқушыларына сабақ тоқтады.

Бүгін Еңбекшілдер, Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград аудандары мен Көкшетау және Степногор қалаларында бастауыш сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Ақкөл, Астрахань, Шортанды аудандарында 1-9 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды.

XS
SM
MD
LG