Accessibility links

KASE: Доллар бағамы 380 теңгеге таяды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында (KASE) бүгін таңғы сессияда АҚШ долларының орташа бағамы 379 теңге 50 тиынға жетіп, кеше таңғы саудада тіркелген ең жоғарғы бағамнан (372 теңге 58 тиын) асты.

Бүгін таңертеңгі саудада доллардың ең төменгі бағамы 378 теңге 5 тиын, ең жоғарғы бағамы 380 теңге 5 тиын болған. Биржада 124 миллион 25 мың доллар сатылған.

Ақша айырбастау орындарында доллар 374-375 теңгеден сатылып жатыр.

Теңге бағамы әлемдегі мұнай бағасының арзандауымен қатар құлдырап келеді.

XS
SM
MD
LG