Accessibility links

Сарыағашта Өзбекстанның бірнеше азаматы ұсталды


Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасындағы "Жібек жолы" кедендік бақылау аймағы. (Көрнекі сурет).
Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасындағы "Жібек жолы" кедендік бақылау аймағы. (Көрнекі сурет).

ҰҚК-ге сілтеме жасаған CA-News агенттігі "Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында шекарашылар Өзбекстанның бір азаматын миграциялық құжатының мерзімін қолдан түзетті деген күдікпен ұстады" деп хабарлады.

Бұған дейін Сарыағаш шекара отрядының сарбаздары өзбекстандық сегіз азаматты миграциялық полиция бөлімінің жалған мөрін басып алған деп ұстағаны хабарланған еді.

"Олардың алтауын "Қапланбек авто" бөлімінің шекара күзеті Алматы қалалық миграциялық полициясының жалған мөрімен ұстады. Ерлі-зайыпты екеуін "Қазығұрт авто" бөлімінің шекара күзеті Ақтөбе қалалық миграциялық полициясының Қазақстан аумағында 28 қаңтарға дейін жүруге рұқсат беретіні туралы жалған мөрімен ұстады" делінген ҰҚК хабарламасында.

Ұсталғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

XS
SM
MD
LG