Accessibility links

Пәкістанда жарылыстан тілші қаза тапты


Жарылыстан қаза тапқан журналистің әріптесі оқиға орнында тұр. Пешавар, Пәкістан, 19 қаңтар 2016 жыл.

Жарылыстан қаза тапқан журналистің әріптесі оқиға орнында тұр. Пешавар, Пәкістан, 19 қаңтар 2016 жыл.

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Пешавар қаласында жарылыс болып, 11 адам қаза тапты. Жараланған адам саны - 17. Пәкістан мемлекеттік телеарналарының хабарлауынша, жарылыс қаланың Кархано базарындағы бақылау-тексеру бекетінде болған.

Азаттықтың Пәкістан редакциясы тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, қаза тапқандар арасында журналист, Khyber ақпарат агенттігінің басшысы Михбаб Шах, қауіпсіздік қызметкерлері мен бірнеше бейбіт тұрғын бар. Оқиға орнына барған билік өкілдері жарылысты мотоциклге мінген жанкешті жасағанын айтады.

Жарылыс орнын полиция қоршауға алды. Жараланғандар ауруханаға жатқызылды. Әзірге жарылысқа жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ.

XS
SM
MD
LG