Accessibility links

Ресейдің Қиыр Шығысында вулкан атқылады


Ресейдің Камчатка түбегінде атқылаған вулкандардың бірі. (Көрнекі сурет).

Ресейдің Камчатка түбегінде атқылаған вулкандардың бірі. (Көрнекі сурет).

Ресейдің Қиыр Шығысында 19 қаңтарда теңіз деңгейінен сегіз мың метр биіктікке вулкан атқылап, жергілікті әуе қатынасына кедергі тудырды.

Камчатка аймағындағы вулканология және сейсмология институтының хабарлауынша, Жупановский вулканы атқылауынан пайда болған түтін шығысқа қарай, Тынық мұхитына жайылып бара жатыр.

Институт бұған қоса вулкан атқылауы әлі жалғасатынын айтып, ұшақтардың вулкан орналасқан аймаққа жақын ұшпауын ескертті.

Вулканға ең жақын қала одан 70 километр қашықтықта орналасқан.

Бірақ жергілікті төтенше жағдай қызметі 19 қаңтарда вулкан атқылауынан шыққан ыстық магма мен еріген тау жынысы елді мекендерге қарай жайылып бара жатпағанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG