Accessibility links

Амаль Клуни Хадиджа Исмайыл ісімен айналыспақ


Журналист Хадиджа Исмайыл (сол жақта) мен құқыққорғаушы Амаль Клуни.

Журналист Хадиджа Исмайыл (сол жақта) мен құқыққорғаушы Амаль Клуни.

Адвокат, белгілі құқық қорғаушы Амаль Клуни әзербайжандық журналист Хадиджа Исмайылдың ісімен Еуропадағы адам құқығы жөніндегі сотта айналысуды ұсынды. Азаттықтың Әзербайжан редакциясымен жұмыс істескен Хадиджа мен оның адвокаты Исмайыл ұсынысқа "ойланып көретіндерін" айтты.

Голливуд актері Джордж Клунидің жұбайы Амаль Клуни соңғы жылдары Египет, Армения, Мальдива сияқты елдерде танымал қылмыстық істермен шұғылданып, өзі "саяси себеппен" қуғындалып отыр деп танитын белсенділерді қорғаған.

Хадиджа Исмайыл 2015 жылы қыркүйекте «салықтан жалтарды», «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты» және «қызмет өкілетін теріс пайдаланды» деп айыпталып, жеті жарым жылға сотталған. Құқық қорғаушылар Әзербайжан билігі Исмайылды биліктегі жоғары шенді шенеуніктердің, оның ішінде президент Ильхам Әлиев пен оның отбасы мүшелерінің "қаржылық қылмыстарға қатысы бар" екені туралы зерттеу материалдары үшін соттады дейді.

XS
SM
MD
LG