Accessibility links

Алматыда борышкерлер наразылыққа шықты


Борышкерлердің "Казкоммерцбанк" бөлімшесі алдындағы наразылығы. Алматы, 20 қаңтар 2016 жыл.

Борышкерлердің "Казкоммерцбанк" бөлімшесі алдындағы наразылығы. Алматы, 20 қаңтар 2016 жыл.

Алматыда бүгін ипотекалық несиеге үй алып, қарызын өтей алмай жүрген ондаған борышкер "Казкоммерцбанктің" Әл-Фараби даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысында орналасқан бөлімшесі алдында наразылық шарасын өткізді.

Азаттық тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, борышкерлер талаптарын айту үшін банк басшылығының сыртқа шығып, өздерімен кездесуін талап етті.

Бірнеше банктен ипотекалық несие алған борышкерлер экономикалық жағдай мен теңгенің үздіксіз құнсыздануына байланысты қарыздарын төлей алмай жатқанын айтып, қарыздарды қайта есептеуді, келісім-шарттың кей тармақтарын өзгертуді сұрады.

Наразылардың кейбірі көздері ғана көрінетіндей етіп қарасұр мата жамылып шықты. Олар бұл белгі өздерінің "құл" болғанын білдіреді дейді.

Бөлімшеден шыққан өкіл борышкерлерге банк төрағасына қоятын талаптарын жазбаша тапсыруды сұрады. Бірақ борышкерлер оған қарсылық білдіріп, "Төраға, сыртқа шық!" деп ұрандап айқайлап тұрып алды. Борышкерлер бұдан соң сол маңға жақын "Банк ЦентрКредит" бөлімшесіне барып, онда да талаптарын мәлімдеді.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG