Accessibility links

Мәскеуде жасөспірімдер жолаушыларға шабуылдады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

"Мәскеу түбінде таяқпен және газ баллонымен қаруланған бір топ жасөспірім кеше кешке электрмен жүретін пойызда жолаушыларға шабуылдады" деп хабарлайды Азаттықтың Орыс редакциясы.

Куәгер, Мәскеудегі құмықтар ұйымының жетекшісі Рамазан Алпауттың айтуынша, Солнцево мен Переделкино станциялары маңында вагонға беттеріне медициналық маска киген, ұзын таяқ ұстаған он шақты жасөспірім кіріп келген. Вагонннан әлдекімді іздеп, таппаған жасөспірімдер келесі вагонға кеткен. Сәлден соң ол вагоннан айқай үні естілген. Куәгер қарулы топ сырт келбеті кавказдыққа ұқсайтын жігітті соққыға жыққанын айтады. Келесі станцияда жасөспірімдер вагонға баллоннан газ шашып, бой тасалаған.

Бұл оқиғаға қатысты құқық қорғау органдары әзірге түсінік берген жоқ.

"Сова" құқық қорғау ұйымының мәліметінше, 2015 жылы Ресейде ұлттық төзімсіздік пен ксенофобиямен байланысты қылмыстар кесірінен тоғыз адам құрбан болып, 68 адам жараланған. Шабуылға ұшырайтындардың көпшілігі - Орталық Азия мен Кавказ елдерінен шыққандар.

XS
SM
MD
LG