Accessibility links

Australian Open: Путинцева үшінші кезеңге шықты


Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Australian Open жарысында. Австралия, 20 қаңтар 2016 жыл.

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Australian Open жарысында. Австралия, 20 қаңтар 2016 жыл.

Қазақстандық теннисші, әлемнің 76-ракеткасы Юлия Путинцева Australian Open жарысының екінші айналымында қытайлық Хань Синьюньмен (162-ракетка) ойнап, 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Енді ол үшінші айналымда ресейлік Маргарита Гаспарянмен ойнайды.

Путинцева бірінші кезеңінде әлемнің 18-ракеткасы даниялық Каролин Возняцкиді жеңген еді.

Ертең, 21 қаңтарда бұл жарыста қазақстандық Ярослава Шведова екінші матчын өткізеді. Ол америкалық Мэдисон Кизбен кездеседі. Киз бірінші айналымда тағы бір қазақстандық теннисші Зарина Диясты ұтып, жарыстан шығарған.

Australian Open жарысы 31 қаңтарда аяқталады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG