Accessibility links

Қытай елшісі: Назарбаевты G20 саммитіне шақырдық


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин. Пекин, 31 тамыз 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин. Пекин, 31 тамыз 2015 жыл.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 4-5 қыркүйекте Ханчжоу қаласында өтетін "үлкен жиырмалық" (G20) елдерінің саммитіне қатысуға шақырды. Бұл туралы бүгін "Бір белдеу бір жол: Қытайдың қазіргі заманғы сыртқы саясаты" деп аталатын конференция арасында Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэй хабарлады.

Елшінің айтуынша, 2015 жылы Қытай мен Қазақстан президенттері екі елге сапарлап барған, Қазақстан премьер-министрі Қытайға екі рет ресми сапар жасаған.

G20 елдері басшыларының саммиті 2015 жылы қарашада Түркияда өткен.

XS
SM
MD
LG