Accessibility links

Бішкек Ресеймен ГЭС салу келісімін тоқтатты


Қырғызстанның Нарын облысындағы Ат-Башы ГЭС-і. (Көрнекі сурет).
Қырғызстанның Нарын облысындағы Ат-Башы ГЭС-і. (Көрнекі сурет).

Қырғызстан парламенті бүгін Ресеймен жасалған елде екі су электр станциясын (ГЭС) салу туралы келісімді тоқтатты. Депуттар келісімнің іске асуын тоқтатуды қолдап дауыс берді. Келісім бойынша Ресей Қырғызстанда Қамбарата ГЭС-і мен Жоғары Нарын сарқырамасы ГЭС-ін салуы тиіс болған.

Экономика министрінің орынбасары Нұрлан Садықовтың айтуынша, келісім "Ресей жобаны қаржыландыра алмай отырғандықтан" тоқтатылған. Садықов дауыс беруден соң депутаттарға Бішкек жаңа инвестор тапқан соң Ресей фирмалары бұған дейін жобаға салған 37 миллион долларды қайтаратынын айтты.

Өткен айда Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Ресей экономикалық жағдайының нащарлауынан аталған жобаларды бұдан ары қаржыландыра алмайтынын, Бішкек басқа инвестор іздейтінін мәлімдеген. Жоба құны 3,2 миллиард долларға бағаланады.

XS
SM
MD
LG