Accessibility links

Президент парламент мәжілісін таратты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ортада) парламент сенаты мен мәжілісінің спикерлерімен және премьер-министрмен кеңесіп отыр. Астана, 18 қаңтар 2016 жыл

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (ортада) парламент сенаты мен мәжілісінің спикерлерімен және премьер-министрмен кеңесіп отыр. Астана, 18 қаңтар 2016 жыл

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 20 қаңтарда парламент мәжілісін тарату туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы президент әкімшілігінің баспасөз қызметі Twitter парақшасында хабарлады. Ерте мәжіліс сайлауы биылғы 20 наурызда өтеді деп белгіленген.

3 қаңтарда мәжілістің бір топ депутаты бесінші шақырылымдағы депутаттардың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы бастама көтерген. 18 қаңтарда президент Назарбаевтың парламент сенаты мен мәжілісі спикерлерімен, премьер-министрмен және конституциялық кеңес төрағасымен кездескені хабарланған.

107 депутаттан тұратын Қазақстан парламенті мәжілісі бес жылда бір рет сайланады. 98 депутат партиялық тізім бойынша сайланады, ал тоғыз депутатты Қазақстан халқы ассамблеясы таңдайды. 2012 жылы 15 қаңтарда өткен бесінші шақырылымдағы парламент мәжілісіне ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайтын «Нұр Отан», «Ақ жол» және «Қазақстан халықтық коммунистік партиясы» өкілдері өткен.

XS
SM
MD
LG