Accessibility links

Кабулде тілшілерге шабуылдан 7 адам мерт болды


Ресей елшілігі маңында болған жарылыстан кейін. Кабул, Ауғанстан, 20 қаңтар 2016 жыл.

Ресей елшілігі маңында болған жарылыстан кейін. Кабул, Ауғанстан, 20 қаңтар 2016 жыл.

Кабулде жергілікті телеарна қызметкерлерін таситын көлікке шабуыл жасалып, жеті адам қаза тапты.

20 қаңтар күні Ресей елшілігіне жақын маңда болған шабуылда жанкешті жарылғыш зат тиелген көлігімен Tolo News телеарнасының көлігін соғып, жарылыс болған. Жарылыстан бірнеше адам жараланған. Телеарна өкілдері Азаттықтың Ауған қызметіне "қаза тапқандар арасында тілшілері бар" екенін хабарлады.

Ресей елшілігі жарылыстан дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлері зардап шекпегенін айтты.

Ауғанстан ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Наджиб Даниш жарылысты жанкешті жасағанын растады. Жарылыстан елшілік алдындағы ғимарат өртенді.

Әзірге бұл шабуылды ешкім мойнына алған жоқ. Бірақ "Талибан" соңғы айларда Кабул мен басқа да ірі қалаларда осыған ұқсас жарылыстар жасаған.

Өткен жылдың соңында "Талибан" Tolo News телеарнасын "нысанаға алуы мүмкін" екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG