Accessibility links

Australian Open: Шведова жекелей сынды аяқтады


Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Австралия ашық чемпионатында. 21 қаңтар 2016 жыл.
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Австралия ашық чемпионатында. 21 қаңтар 2016 жыл.

Қазақстандық теннисші, әлемнің 70-ракеткасы Ярослава Шведова Мельбурнде өтіп жатқан Australian Open турнирін жекелей сында аяқтады.

Ол екінші айналымда америкалық Мэдисон Киздан (17) 7:6, 3:6, 3:6 есебімен жеңілді. Матч екі сағатқа созылды. Киз бірінші айналымда тағы бір қазақстандық теннисші Зарина Диясты жарыстан шығарған.

Шведова австралиялық теннисші Саманта Стосурмен бірге жұптық жарысқа қатысып жатыр.

Жекелей сында қазақстандық Юлия Путинцева 22 қаңтарда үшінші айналымдағы матчын өткізеді. Қарсыласы - ресейлік Маргарита Гаспарян.

Australian Open жарысы 31 қаңтар күні аяқталады.

XS
SM
MD
LG