Accessibility links

Полиция наразы борышкерлерді түсінік беруге шақырды


Медеу аудандық ішкі істер басқармасы алдына әріптестерін қолдауға жиналған борышкерлер. Алматы. 21 қаңтар 2016 жыл.

Медеу аудандық ішкі істер басқармасы алдына әріптестерін қолдауға жиналған борышкерлер. Алматы. 21 қаңтар 2016 жыл.

Алматы қаласы Медеу аудандық ішкі істер басқармасы алдына бір топ борышкер жауапқа шақырылған әріптестерін қолдауға жиналды.

«Баспананы халыққа қалдырайық» қозғалысының жетекшісі Сұлубике Жақсылықованың Азаттыққа айтуынша, 20 қаңтар күні әл-Фараби даңғылы мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында орналасқан "Казкоммерцбанк" пен «Банк ЦентрКредит» бөлімшелерінің алдында ұйымдастырған наразылық шаралары үшін араларынан бірнеше адамды түсініктеме жазуға шақырған.

«Заңды құқығымызды талап етіп, заңға қайшы ешқандай әрекет жасамадық» деген Сұлубике Жақсылықова өздерін "түсініктеме жаздыру үшін шақырып, ұсақ құқық бұзушылық жасады деген желеумен әкімшілік жазаға тартуы мүмкін» дейді. Медеу аудандық ішкі істер басқармасының бастығы Ерлан Оралбеков жиналғандарға «тек түсініктеме алып қана жіберетіндерін айтып, жеті адамды ішке кіргізгенін" айтты.

20 қаңтарда бірнеше банктен ипотекаға үй алып, қарыздарын қайтара алмай жүрміз деген ондаған борышкер Алматыда "Казкоммерцбанк" пен "Банк ЦентрКредит" банктері бөлімшелерінің алдында наразылық танытқан. Борышкерлер доллар бағамының қымбаттауына байланысты банктерден несие келісім-шартын қайта қарауды талап етеді.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG