Accessibility links

Кишиневте наразылық шеруінде 10 адам жараланды


Шерушілер Молдова парламентінің ішінде тұр. Кишинев, 20 қаңтар 2016 жыл.
Шерушілер Молдова парламентінің ішінде тұр. Кишинев, 20 қаңтар 2016 жыл.

Кишиневте Молдова ерте парламент сайлауын өткізуді талап етіп, парламент алдында өткен шеруде 10 адам жараланды.

Шерушілер 20 қаңтар күні кешке депутаттар жаңа еуропашыл үкімет құрамына дауыс берген соң парламент ғимаратының кіреберісін басып алған. Бірақ оларды қарулы полиция ары қарай өткізбеді.

Жеті полицей мен өзге үш адам, оның ішінде Либералдық партия жетекшісі, бұрынғы уақытша президент Михаи Гимпу және Ар-намыс және сенім платформасының жетекшісі Чирил Мотпан жеңіл жараланып, ем алған.

Молдова ішкі істер министрлігінің бұрынғы баспасөз хатшысы Чирил Мотпан басынан жараланған соң наразыларды парламентті тастап шығуға шақырды.

20 қаңтарда парламент басқарушы Демократиялық партия жетекшісінің орынбасары Павел Филип басқаратын үкімет құрамын қолдап дауыс берген.

Өткен жылы қазан айында Валерий Стрелет басқарған үкімет коррупциялық жанжалға байланысты отставкаға кетіп, содан бері елде үкімет жасақталмай келген.

XS
SM
MD
LG