Accessibility links

ОСК мәжіліс сайлауы тәртібін бекітті


Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) бүгін 20 наурызға берлігенген ерте мәжіліс депутаттарының сайлау тәртібін жариялады.

ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың Астанада өткен брифингте айтуынша, партиялық тізім бойынша сайланатын мәжіліс сайлауына кандидаттарды ұсыну 8 ақпанға дейін, ал партиялық тізімді тіркеу 19 ақпанға дейін созылады.

Мәжіліске партиялық тізім бойынша сайлауға түсу үшін кандидат партия жоғарғы саяси органы мүшелерінің көпшілік даусына ие болуы тиіс. Партиялар өздері ұсынатын тізімге партияға мүше емес адамдарды қоса алмайды.

Мәжілістегі Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланатын тоғыз депутаттық орынға кандидаттарды ұсыну 29 ақпанға дейін, ал оларды тіркеу 29 ақпаннан 5 наурыз аралығында жүреді.

Тұрғанқұловтың айтуынша, сайлауды өткізуге шамамен бюджеттен шамамен 4,8 милилард теңге бөлінген.

Парламент мәжілісі 20 қаңтарда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен, мәжіліс депутаттарының өздерінің ұсынысы бойынша тараған.

Мәжілістегі 107 депутаттық орынның 97-сі партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақастан халқы ассамблеясы атынан сайланады.

XS
SM
MD
LG