Accessibility links

Теңге мен рубль бағамы қатар арзандап жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында бүгін күндізгі сауда сессиясында АҚШ долларының орташа бағамы 384 теңге 48 тиынды құрап, күндізгі сауда сессиясымен салыстырғанда 1 теңге 25 тиынға қымбаттады. Күндізгі саудада 69 миллион 50 мың АҚШ доллары сатылған.

Қазақстан теңгесімен қатар Ресей рублінің бағамы да құлдырап жатыр. 21 қаңтарда Мәскеу қор биржасында рубльдің долларға шаққандағы құны 3 пайыздан астамға арзандап, бір доллардың орташа бағамы 84 рубль болды. Рубльдің еуроға қатысты бағамы да арзандап, бір еуро бағамы 92 рубльге жетті.

Рубль бағасының құлдырауына соңғы бір жарым жылда әлемде мұнай бағасының арзандауы және Батыс елдерінің Ресейге Украинадағы дағдарысқа киліккені үшін салған санкциялары себеп.

Әлемдік нарықта мұнай бағасы Тегеран халықаралық санкциялар алынған соң Иран мұнай экспортын күніне 500 мың баррельге дейін арттырып, 3,3 миллион баррельге жеткізетінін мәлімдеген соң арзандай бастаған.

XS
SM
MD
LG