Accessibility links

Қырым соты Мустафа Джемилевті тұтқындауға өкім етті


Қырым татарларының жетекшісі, Украина парламентінің депутаты Мустафа Джемилев.
Қырым татарларының жетекшісі, Украина парламентінің депутаты Мустафа Джемилев.

Ресей аннексиялап алған Қырым соты Қырым татарларының жетекшісі Мустафа Джемилевті тұтқындауға шешім шығарды.

Симферопольдің Киев аудандық соты 21 қаңтарда Джемилевтің іс-әрекетіне қатысты үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтып, оны тұтқындауға ордер берді. Бұған қоса Джемилевке федералдық іздеу жарияланды. Сот Джемилевке қандай айып бойынша іс қозғалғанын айтпады.

2014 жылы сәуірде, Ресей Қырымды аннексиялап алғаннан бірер аптадан соң Ресей билігі Қырым татарлары Меджилисінің бұрынғы басшысы Джемилевтің Қырым түбегіне кіруіне бес жылға тыйым салған.

Кейін Украина парламентіне депутат болып сайланған Джемилев және Қырым татарларының өзге белсенділері түбектің байырғы халқы - татарлар Мәскеудің аннексиясын ешқашан мойындамайтынын мәлімдеген.

72 жастағы Джемилев совет кезеңінен бері құқық қорғау қызметімен айналысқан. Ол 1966-1986 жылдар аралығында совет түрмелерінде алты рет отырып шыққан.

XS
SM
MD
LG