Accessibility links

H1N1 кесірінен Армения мектеп демалысын ұзартты


Доңыз тұмауын жұқтырған баласы анасымен бірге ауруханада отыр. Армения, 8 қаңтар 2016 жыл.

Доңыз тұмауын жұқтырған баласы анасымен бірге ауруханада отыр. Армения, 8 қаңтар 2016 жыл.

Армения билігі доңыз тұмауы (H1N1 вирусы) таралуына байланысты мектеп оқушыларының қысқы демалысын осымен үшінші рет ұзартты. Армения денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, барлық мектептер 1 ақпанға дейін жабылады. 1 қаңтардан бері бұл елде H1N1 вирусынан 18 адам өлген. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ауру таралуына байланысты әскерилерге әскери бөлімдерінен шығуға тыйым салынған.

21 қаңтарда көршілес Грузия билігі елде доңыз тұмауынан үш адам қайтыс болғанын хабарлады. Вирус таралуына байланысты елдегі ауруханалар мен медициналық мекемелер тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшті.

XS
SM
MD
LG