Accessibility links

Қырғыз полицейі "содырларға қару сатты" деп қамалды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстанда "терроршыларға қару-жарақ сатты" деген күдікпен полиция офицері қамалды. Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, күдікті 17 қаңтар күні елдің оңтүстігіндегі Жалал-Абад облысында ұсталған. Полицейді "қару сатты" деп таяуда терроризм күдігімен ұсталған адам көрсеткен. Ол адамнан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылған.

Қырғызстан билігі соңғы айларда құқық қорғау қызметкерлеріне жасалатын шабуылдың артқанын айтып, алаңдаушылық танытып жатыр. Ресми Бішкек шабуылдардың артында "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының мүшелері тұруы мүмкін дейді.

Соңғы ресми мәлімет бойынша, Сирия мен Иракта 400-ден астам қырғызстандық содырлар жағында соғысып жүр.

XS
SM
MD
LG