Accessibility links

Обама БҰҰ-да босқындар жөнінде саммит өткізбек


АҚШ президенті Барак Обама мен Германия канцлері Ангела Меркель.

АҚШ президенті Барак Обама мен Германия канцлері Ангела Меркель.

АҚШ президенті Барак Обама қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясында әлем елдері басшыларының босқындар мәселесіне арналған саммитін өткізуді жоспарлап отыр.

Ақ үйдің хабарлауынша, Обама саммит өткізу жоспарын 21 қаңтарда Германия канцлері Ангела Меркельмен телефонмен сөйлескенде талқылаған.

Ақ үй мәлімдемесінде "Саммит мақсаты әлемде босқындардың мүмкіндігін кеңейту әрі нақты міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету, босқындар басып өтетін елдерді қолдау" деген.

Обама мен Меркель Еуропадағы босқындар мәселесін талқылап, келесі айда Лондонда өтетін донор елдердің конференциясы халықаралық қауымдастық назарын Сириядағы гуманитарлық дағдарысты реттеуге бұруға мүмкіндік беретініне келіскен.

Обама мен Меркель бұған қоса, "Украинаның шығысындағы үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы соғысты тоқтату үшін Минск келісімін толық орындауды жеделдетуге мүдделі екендерін" білдірген.

XS
SM
MD
LG