Accessibility links

Белсенділер: Нарымбаев пен Мәмбеталинді босатсын


Бір топ белсенді Алмалы аудандық сотының алдында Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевты босатуды талап етіп акция өткізіп тұр. Алматы, 22 қаңтар 2016 жыл.

Бір топ белсенді Алмалы аудандық сотының алдында Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевты босатуды талап етіп акция өткізіп тұр. Алматы, 22 қаңтар 2016 жыл.

Бүгін Алматыда Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевтың соты басталар алдында бір топ белсенді Алмалы аудандық сотының алдында оларды қолдап акция өткізді.

Акцияға қатысқандар белсенділерге айып тағылған қылмыстық кодекстің 174-бабына ("Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздық тудыру") қарсылықтарын білдірді. Белсенділер бұл бапты "саяси бап" деп атап, Мәмбеталин мен Нарымбаевты босатуды талап етті.

Бүгін Мәмбеталин мен Нарымбаев ісі бойынша сотта тараптар жарыссөзге кірісуі тиіс.

Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев былтыр қазан айында қамалған. Оларға Facebook желісінде «Қазақстан мұсылмандар одағы ұйымының жетекшісі» Мұрат Телібеков жазды деген, жарияланбаған "Ветер с улицы" кітабынан үзінді келтірді деген айып тағылған. Ресми айыптауға қарағанда, «үзінді мәтіні ұлтаралық араздық тудыруға себеп болуы мүмкін». Белсенділер айыпты мойындамайды. Сот желтоқсан айында басталған.

XS
SM
MD
LG