Accessibility links

Атамбаев Ресеймен ГЭС салу келісімін бұзды


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстан Ресеймен жасасқан Қамбарата-1 ГЭС-і мен Жоғарғы Нарын сарқырамасы ГЭС-ін салу туралы үкіметаралық келісімдерін бұзды. Қырғызстан парламенті қабылдаған келісімді бұзу туралы заңға бүгін президент Алмазбек Атамбаев қол қойды.

Заң бойынша, Қырғызстан сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіпте Ресей үкіметіне келісімнің бұзылғаны туралы ескертуі тиіс. Заң ол ресми түрде жарияланған кезден бастап 15 күн ішінде күшіне енеді.

Үкіметаралық келісімге 2012 жылы 20 қыркүйекте Бішкекте қол қойылған. 3015 жылы 31 желтоқсанда Қырғызстан үкіметі келісімді бұзатынын мәлімдеген. Бұған дейін Қырғызстан ұлттық энергетикалық холдингінің басшысы Айбек Қалиев Қамбарата-1 ГЭС-і мен Жоғарғы Нарын сарқырамасы ГЭС-ін салатын инвестор келісім күші жойылғаннан кейін алты ай ішінде табылатынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG