Accessibility links

Australian Open: Путинцева үшінші айналымда жеңілді


Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева.
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева.

Қазақстандық теннисші, әлемнің 76-ракеткасы Юлия Путинцева Australian Open жарысын аяқтады. Ол үшінші айналымда ресейлік Маргарита Гаспаряннан 3:6, 4:6 есебімен жеңілді.

Путинцева екінші айналымында қытайлық Хань Синьюньмен (162-ракетка) ойнап, 6:3, 6:1 есебімен, бірінші кезеңінде әлемнің 18-ракеткасы даниялық Каролин Возняцкиді 1:6, 7:6, 6:4 есебімен жеңген еді.

Путинцева өзінің спорттық карьерасында алғаш рет Grand Slam жарыстарының үшінші айналымына шықты.

Australian Open жарысы 31 қаңтарда аяқталады.

XS
SM
MD
LG