Accessibility links

Грекияда мигранттар мінген екі қайық суға батты


Грекия жағалауына келе жатқан қайыққа мінген мигранттар. Қыркүйек 2015 жыл.
Грекия жағалауына келе жатқан қайыққа мінген мигранттар. Қыркүйек 2015 жыл.

Грекияның жағалау күзеті қызметі бүгін таң ата Фармаконисси аралында ішінде шамамен 48 мигрант отырған қайық суға батқанын хабарлады. Қайықта болғандардың 40-ы жағаға өз бетімен жүзіп шыққан. Құтқарушылар судан бір қызды құтқарып, жеті адамның денесін судан алып шыққан.

Бұдан өзге Калолимнос аралы жағалауында да мигранттар мінген шағын қайық суға батып, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Қайықта нақты қанша адам болғаны әзірге айтылмайды. 26 адам құтқарылып, 14 адамның денесі судан шығарылған.

Көпшілігі Сириядағы соғыстан бас сауғалаған мыңдаған мигрант пен босқын соңғы айларда Еуропа Одағы елдерінен пана табу үшін Түркия арқылы теңізбен қауіпті сапар шегіп Грекияға кетіп жатыр.

XS
SM
MD
LG