Accessibility links

Керри: Украинада жағдай бейбіт реттелсе, Ресейден санкция алынады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Давос, Швейцария, 22 қаңтар 2016 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Давос, Швейцария, 22 қаңтар 2016 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Украинаның шығысындағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу туралы Минск келісімдерін жүзеге асыруға жақын айларда қол жеткізуге мүмкіндік бар деп санайды.

Керри жұма күні Швейцарияның Давос қаласында дүниежүзілік экономикалық форум қатысушылары алдында сөйлеген сөзінде, бейбітшілік туралы келісім жүзеге асқан жағдайда Ресейге қарсы салынған санкцияны алуға болатынын айтты.

«Қосымша күш-қуат пен әр тараптың ерік-жігері нәтижесінде жақын айларда Минск келісімдерін орындауға қол жеткізуге және санкцияларды алу мәселесін қозғауға болады деп ойлаймын» деген Керри.

Украина мен Батыс елдері Донбастағы әскери іс-қимылдар басталғалы бері ондағы сепаратистерге қолдау көрсетеді деп Ресейді айыптайды. Мәскеу оны үзілді-кесілді жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG