Accessibility links

АҚШ Ирак пен Сирияға қосымша жаяу әскер жібереді


АҚШ қорғаныс министрлі Эш Картер.
АҚШ қорғаныс министрлі Эш Картер.

АҚШ өз жетекшілігімен Ирак пен Сирияда «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобына қарсы күресіп жатқан халықаралық коалицияның әскери жорықтарына құрлықтағы әскер бөлімшелерін қатыстырмақ.

Бұл туралы жұма күні Швейцарияның Давос қаласында дүниежүзілік экономикалық форумда сөйлеген АҚШ қорғаныс министрлі Эш Картер мәлімдеген. Оның сөзінше, халықаралық коалиция Ирактың Мосул және Сирияның Ракка қалаларынан ИМ содырларын ығыстырып шығаруды көздейтін құрлықтағы операцияларды жүзеге асырмақ.

«Біз содырларға қарсы осы екі бағытта күйрете соққы беруіміз қажет және мен оның неғұрлым тезірек іске асқанын қалар едім» деген Пентагон басшысы.

Эш Картер аймаққа осы кезге дейін орналасқан жаяу әскер контингентіне қосымша әскери бөлімшелер жіберілуі мүмкін екенін айтқан. Сонымен бірге ол ИМ содырларына қарсы стратегияның бір бөлігі – жергілікті күштерді жұмылдыру екенін атап көрсеткен.

XS
SM
MD
LG