Accessibility links

АҚШ Ресейдің бес құрметті консулын аккредитациядан айырды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ресей билігінің өз территориясындағы америкалық қызметкерлердің ісіне араласуына жауап ретінде АҚШ мемлекеттік департаменті бес тұлғадан Ресей құрметті консулы аккредитациясын қайтарып алатынын жариялады.

«Бұл шешім Ресейдегі біздің дипломатиялық іс-әрекеттерімізге араласу жалғасып отырғанына, қызметкерлерімізді қудалаудың етек алуына, Мәскеудегі Америкалық орталықтың және бүкіл Ресей бойынша 28 америкалық нысанның жабылуына жауап ретінде қабылданды» деп мәлімдеген АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Марк Тонер.

Ол егер Ресейдегі америкалық қызметкерлердің жұмысына кедергі келтіретін жаңа қиындықтар туындайтын болса, Вашингтонның «тиісті шараларға дайын» екендігін ескерткен.

Ол жағдай ресейлік елшіліктің, консулдықтар мен Ресейдің Вашингтондағы мәдени орталығы қызметтеріне әсер етпейді деген Тонер.

Жұма күні Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова АҚШ-тағы Ресейдің бес құрметті консулын (Калифорния, Юта, Миннесота, Флорида штаттары және Пуэрто-Рикода) аккредитациядан айыру Мәскеудің наразылығын туғызғаны туралы мәлімдеген.

«Барак Обама әкімшілігі біздің елімізбен қарым-қатынасын үзу бағытын жалғастырып келеді» деген Захарова. Ол «Ресейге қарсы санкция соғысын ашып, бүкіл әлемде кең көлемді русофобиялық насихатты жүзеге асырып келеді» деп АҚШ-ты айыптаған.

XS
SM
MD
LG