Accessibility links

Министрлік: 90 адам тұмау диагнозымен ауруханада жатыр


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстанда қазіргі таңда «тұмау» диагнозы қойылған 90 адам ауруханада жатыр, дәрігерлер олардың денсаулық жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік елдегі медициналық ұйымдар қажетті дәрі-дәрмектер, жабдықтар, вирусқа қарсы дәрілердің кемімейтін қоры мен залалсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етіліп, республика бойынша 19 жұқпалы аурулар емханасында ауруларға медициналық көмек көрсету мақсатында 6277 аурухана төсегі қарастырылғанын айтады.

Сонымен бірге дәрігерлер тұрғындарға тұмаудан қорғану ережелерін орындауға, аурудың алғашқы белгілері пайда болысымен дереу дәрігерге қаралуға, тағайындалған дәрі-дәрмектерді қолдану режимін сақтауға, адам көп жиналған жерлерге бармауға, вирус жұққан жағдайда өз бетімен емделіп дертті асқындырып алмауға кеңес береді.

Бұған дейін Қазақстан ұлттық экономика министрлігі тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы, мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин елде эпидемиологиялық маусым басынан бері H1N1 вирусынан ("доңыз тұмауы") бір адам қайтыс болғаны туралы хабарлаған.

Осы кезге дейін Ресей мен бұрынғы совет республикаларында H1N1 вирусынан ондаған адам қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG