Accessibility links

Мәскеуде саяси репрессияларға қарсы акция өтіп жатыр


Мәскеудегі репрессияларға қарсы және саяси тұтқындарды қолдауға арналған акцияға қатысушылар. 23 қаңтар 2016 жыл.

Мәскеудегі репрессияларға қарсы және саяси тұтқындарды қолдауға арналған акцияға қатысушылар. 23 қаңтар 2016 жыл.

Ресей астанасында бүгін репрессияларға қарсы және саяси тұтқындарды қолдауға арналған акция өтті. Азаттықтың Орыс қызметі тілшісінің хабарлауынша, шеруге 400-ден аса адам жиналған.

Мәскеудегі Яузски қақпасы алдындағы алаңда өтіп жатқан шеруге жергілікті билік рұқсат берген. Шараны ұйымдастыруға себеп болған жайттардың бірі – Ресей қылмыстық заңындағы «Бұқаралық шараларды өткізу ережесін бірнеше мәрте бұзу» бабы бойынша былтыр желтоқсанда үш жылға сотталған азаматтық белсенді Илдар Дадиннің ісі. Аталған бапты Конституцияға қайшы деп санайтын белсенділер ол бойынша қозғалған қылмыстық істерді Ресейдегі «саяси репрессияның жаңа көрінісі» деп біледі.

Митингте сөйлеген құқыққорғаушы Сергей Шаров-Делоне әлгі бапты «кінәсіздік презумпциясын толық жояды» деп сипаттаған. Наразылық акциясында «Адам құқықтары үшін» қозғалысы жетекшісі Лев Пономарев та сөйлеген.

Ресей соты Илдар Дадинді үш жылға бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарған. Ол Ресейде «Бұқаралық шараларды өткізу ережесін бірнеше мәрте бұзу» бабы бойынша сотталған алғашқы адам. Дадинмен бірге осы бап бойынша тағы үш белсенді – Марк Гальперин, Ирина Калмыкова және Владимир Ионовқа айып тағылған. Калмыкова мен Ионов қазір Ресейден тыс жерде, ал Гальпериннің үстінен қозғалған іс бойынша тергеу әлі жүргізіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG