Accessibility links

Киевтегі Ресей елшілігі жанында шешен диаспорасы өкілдері пикеті өтті


Шешен диаспорасы өкілдері Ресей елшілігі алдында наразылық пикетінде тұр. Киев, 23 қаңтар 2016 жыл.
Шешен диаспорасы өкілдері Ресей елшілігі алдында наразылық пикетінде тұр. Киев, 23 қаңтар 2016 жыл.

Украина астанасында сенбі күні шешен диаспорасы өкілдері Ресей елшілігі алдында наразылық пикетін өткізді.

Олар Ресей билігінен «Шешенстан мен Кавказдағы кремльдік режим террорын» және «Украинаға қарсы басқыншылықты» тоқтатуды талап еткен.

Наразылық пикетіне қатысушылардың бірі – Қырым татарлары Межилисінің жетекшісі Рефат Чубаров өз сөзінде Ресей ұзақ жылдар бойы постсоветтік республикалар – Украина, Грузия, Балтық теңізі жағалауындағы елдер мен Молдованың «тәуелсіздігі мен дамуын тұншықтыруға бағытталған саясат жүргізіп келеді» деп мәлімдеген.

«Бүгінгі таңда әлем үлкен қауіп-қатер алдында тұр: не Мәскеудің империялық амбициясына тоқтау салынады, немесе әлем өте қиын жағдайға тап болып, оның соңы қасіретке ұласуы мүмкін» деген Чубаров.

Пикетке қатысушылар Ресей президенті Владимир Путинге жазған хатты тапсырмақ болғанымен, елшіліктен оларға ешкім шықпаған.

XS
SM
MD
LG