Accessibility links

Апатқа ұшыраған тікұшақ ұшқышы емханаға жеткізілді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Жамбыл облысында тікұшақ апаты болған аймақтан табылған адам ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы бүгін Азаттыққа Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Сәуле Мунатаева хабарлады.

«Оның денесінің 50 пайызға жуығын күйік шалып, зақымданған, қазір оны ауруханаға жеткізген. Құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр» деді Мунатаева.

Алдын ала деректер бойынша, апатқа ұшыраған тікұшақ «Жаңа Әлем әуе компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі иелігінде болған.

Бұған дейін Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов атындағы ауданда сенбі күні тікұшақ апатқа ұшырағаны туралы хабарланған еді. Қаңтардың 23-і күні кешкісін төтенше оқиға туралы хабар түскен соң, апат болған аймаққа дереу құтқарушылар тобы және медициналық жедел жәрдем бригадасы жөнелтілген.

Апаттың мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.

XS
SM
MD
LG