Accessibility links

Молдова ресейлік екі журналисті елден шығарды


Молдова шекара қызметінің офицері құжат тексеріп отыр. (Көрнекі сурет.)
Молдова шекара қызметінің офицері құжат тексеріп отыр. (Көрнекі сурет.)

Молдова билігі ресейлік жаңадан ашылған «Царьград» атты православтық телеарнаның түсірілім тобын ел аумағынан шығарып жіберген.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, 23 қаңтарда таңертең Молдова арнайы қызметі өкілдері ресейлік журналистер Иван Колесников пен Сергей Красновты Кишиневтегі мейманханадан алып шығып, әуежайға жеткізген, одан соң екеуін ресейлік «Аэрофлот» әуе компаниясы ұшағына отырғызған. Шекарадан өтерде ресейлік журналистерге Молдова аумағында сыртқы істер министрлігінің тиісті аккредитациясынсыз жұмыс істегендері үшін елден шығарылатыны және екеуіне он жыл бойы Молдоваға келулеріне тыйым салынатыны хабарланған қағаз көрсеткен.

Ресейлік телеарна тілшілерін елге шақырып, оларға Бельцы қаласында сұхбат бермек болған Молдовадағы Бельцы және Фалешты епископы Маркелл Кишиневтің ісіне наразылық білдірген.

Бұған дейін, бейсенбі күні, Молдова билігі ел аумағына ресейлік ВГТРК, «Первый канал», LifeNews телеарнасы, РЕН ТВ операторы мен «Новости» агенттігі тілшісін кіргізбей қойған. Шекаралық полиция баспасөз қызметінің түсіндіруінше, ресейлік бірнеше журналист Молдоваға қандай мақсатпен келетінін көрсетпегені үшін елге кіргізілмеген.

XS
SM
MD
LG