Accessibility links

Берлинде "орыс немістері" шеру өткізді


Берлиндегі «орыс немістері» өткізген шеру. 23 қаңтар 2016 жыл.
Берлиндегі «орыс немістері» өткізген шеру. 23 қаңтар 2016 жыл.

Берлинде Германия канцлері резиденциясы алдында «босқындар ұрлап әкетіп, зорлаған» делінетін, ал прокуратура «жыныстық қатынасқа өз еркімен барған» деп санайтын 13 жасар қызды қорғауға арналған шеру өтті.

«Босқындардың зорлық-зомбылығын тоқтатыңдар!» деген ұранмен өткен шеруге бірнеше жүз адам, негізінен Берлинде тұратын «орыс немістері» шыққан. Сонымен бірге демонстранттар арасында Берлин полициясына мәлім неонацистер де аз болмаған.

Шеруге шыққандар өздері бұрынғы ресейліктер екенін атап айтқандықтан, жергілікті Der Tagesspiegel газеті шеру туралы хабарын «Орыстар мен неонацистер – канцлер резиденциясы алдындағы бірлескен демонстрация» деген тақырыппен басқан.

Шынтуайтына келгенде, «орыс немістері» аталып отырғандар – Германияға тек Ресейден ғана емес, сонымен бірге Қазақстан, Қырғызстан және бұрынғы Совет одағы құрамында болған өзге елдерден қоныс аударған этникалық немістер. Олардың арасында путиндік Ресейді жақтайтындар да, сонымен бірге, неміс әсіреұлтшылдарына бүйрегі бұратындар да бар. Германияда орыс тілін ана тілім деп санайтын алты миллионға жуық адам тұрады.

XS
SM
MD
LG