Accessibility links

ИМ Париж терактілері туралы видео таратты


Парижде 2015 жылдың 13 қарашасындағы терактілерді жасағандардың суреті.
Парижде 2015 жылдың 13 қарашасындағы терактілерді жасағандардың суреті.

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы Париждегі терактілерді жасады делінген тоғыз содыр түскен видео жариялады. Интернетте жарияланған видеода содырлар ИМ-ге қарсы коалиция құрамындағы елдерге, оның ішінде Ұлыбританияға қоқан-лоқы көрсетеді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, видеода Париждегі шабуылдарға қатысы бар төрт Бельгия азаматы, үш Франция және екі Ирак азаматы бар. Видео Ирак немесе Сирияның шөлді аймағында түсірілген. Онда Париждегі шабуыл жасалған жерлерден және француз құқық қорғау орындарының шабуыл кезіндегі арнайы операциядан түсірген суреттері көрсетіледі.

Бұған қоса, видеода тоғыз содырдың түрлі айуандық әрекет жасап жатқаны, оның ішінде кепілге алынғандар деп сипатталған адамдарды өлтіріп, атып жатқаны көрсетіледі.

2015 жылы 13 қараша күні Парижде бірнеше теракт жасалып, 130 адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG