Accessibility links

АҚШ конгресі боран кесірінен жұмысын тоқтатты


Вашингтондағы қарлы боран. АҚШ, 23 қаңтар 2016 жыл.

Вашингтондағы қарлы боран. АҚШ, 23 қаңтар 2016 жыл.

АҚШ конгресінің өкілдер палатасы елдің шығыс жағалауларын қалың қар басып қалуына байланысты 1 ақпанға дейін жұмысын тоқтататынын растады.

Қар қалың түсіп, боран тұрған аймақтарда 85 миллион адам тұрады. Ауа-райының бұзылуына байланысты 11 штатта, оның ішінде Нью-Йорк қаласында төтенше жағдай жарияланған. Вашингтон, Нью-Йорк және Филадельфиямен көлік қатынасы тоқтаған.

АҚШ-тың ірі мегаполистерінің көбінде көлік қозғалысына барынша шектеу қойылып, көпірлер жабылған.

Соңғы мәлімет бойынша, қарлы бораннан 18 адам қаза тапқан. Кейбір штаттарда теңізде тұрған қатты желден біраз жерді су басқан. Жеті мыңнан астам рейс, оның ішінде Нью-Йорк, Филадельфия және Вашингтонға ұшатын рейстер тоқтатылған. Ондаған мың адам электр қуатынсыз қалған. Вашингтонда демалыс күндері пойыз мен автобус тоқтаған. Синоптиктердің болжамынша, боран 25 қаңтарға дейін созылады.

XS
SM
MD
LG