Accessibility links

Яценюк конституция жайлы референдум өткізуге шақырды


Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.
Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк жаңа конституция жобасына қатысты референдум өткізуге шақырды. 24 қаңтарда телеарнадан сөйлеген Яценюк украиналықтардың "еуропалық Украинадағы жаңа конституция жайлы өз пікірлерін айтатын уақыты туғанын" айтты.

Яценюк конституция "билік органдары арасындағы міндеттерді қайта бөлісу, орталық пен аймақтар арасындағы қарым-қатынас туралы, жаңа әділ сот жүйесі және айқын геосаясат жайлы жаңа келісім болатынын" айтты. Оның сөзінше, конституцияда Украинаның болашақта Еуропа Одағы мен НАТО-ға кіруіндегі мақсаты айқындалады.

Яценюк мәлімдемесін Украина президенті Петр Порошенконың мәлімдемесінен бір күннен соң жасады. Порошенко мәлімдемесінде украин саясаткерлерін Ресей және ресейшіл сепаратистермен соғысты тоқтатуды көздейтін Минск бейбіт келісімінің күйреуі Ресеймен "кең ауқымды қақтығысқа" әкеп соқтыруы мүмкіндігінен сақтануға шақырған. 23 қаңтар күні Киевте жергілікті басшылар конференциясында сөйлеген Порошенко "Минск келісімін қалай да болсын бұзып, конституциялық процесті тоқтатқысы келетін саяси күштер өз әрекеттерінің салдары қандай боларын айқын түсінуі тиіс" деп мәлімдеген.

Порошенко бұл мәлімдемесін Украина, Ресей және сепаратистер арасындағы бейбіт келісім аясында қабылданған "орталықсыздандыру" туралы заңнамаға қарсы шығушыларға қарата айтқан.

Минск келісімінің Киев үшін маңызы зор. Себебі келісім орындалса, Украинаға Ресеймен шекарасына толық бақылау орнатуына мүмкіндік туады.

XS
SM
MD
LG