Accessibility links

Хассан Роухани Еуропаға сапарын бастайды


Иран президенті Хассан Роухани.

Иран президенті Хассан Роухани.

Иран президенті Хассан Роухани 25 қаңтарда Еуропа елдеріне сапары аясында Италияға барады. Роухани Еуропа елдеріне Тегеран әлемдік державалармен жасасқан келісімі бойынша Ираннан экономикалық санкциялар алынып тасталған соң бірінші рет барғалы отыр.

Римде Роухани Италия президенті Сергио Маттарелла мен премьер-министр Маттео Ренцимен кездесіп, 17 миллиард еуроға тең коммерциялық келісімге қол қояды деп жоспарланған.

Италиядан соң Роухани Парижге барып, Франция президенті Франсуа Олландпен кездеседі.

Сапар қарсаңында Иран билігі өкілдері Тегеран еуропалық Airbus ұшақ жасайтын концернінен 114 ұшақ сатып алатынын хабарлаған.

Тегеран бұрын да ескірген әуе паркін жаңалау қажетін айтып келген.

БҰҰ, АҚШ пен Еуропа Одағы 16 қаңтарда Тегеран ядролық бағдарламасын шектеу туралы келісім талаптарын орындаған соң Иранға салынған экономикалық санкцияларды алып тастаған.

XS
SM
MD
LG